383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көші-қон жөніндегі ХҚКО ашылады

  • 458
Алматыда көші-қон жөніндегі ХҚКО ашылады

Алматыда көші-қон жөніндегі Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлім етті. Оның айтуынша, мұндай орталық Астанада пилоттық режімде жұмыс жасайды. Алдағы уақытта жаңашылдықты өзге өңірлерде жүзеге асыру жоспарланған. Мәселен, еліміздің батыс аймағында іске қосу көзделіп отыр. Өйткені осы өңірлерде көші-қон мәселесі өзекті.

Абылайхан Оспанов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы:

- Қазіргі таңда бірнеше мемлекеттік қызмет түрі көші-қонға қарайды. Алдағы уақытта оларды оңтайландыру жоспарда бар. Сол кезде саладағы барлық қызмет көші-қон жөніндегі Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы