384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар денсаулық сақтау туралы кодекстің жаңа редакциясына ұсыныстарын әзірлеп отыр

  • 603
  • UPD: 10:08, 20.01.2018

Медицина саласындағы ғалымдар мен дәрігерлер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясына өз ұсыныстарын әзірлеп жатыр.

Президент Жолдауында осы құжатты қабылдау жөнінде айтылған болатын. Мемлекет басшысы тиісті министрліктің қызметін сынға алып, үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлтты қалыптастырудың нақты қадамдарын көрсетіп берді.

«Бұл міндетті жүзеге асыру үшін дәрігерлер жұмыла жұмыс жасауы қажет», - дейді Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ғалымдары. 

Василий Девятко, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының кеңесшісі: 

- Бұл денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлері үшін нақты жұмыс жоспары іспеттес. Уческелік деңгейден бастап министрлікке дейін осы бағытты ұстануы тиіс. Жолдауда Кепілдендірілген тегін медициналық көмек беру жүйесін қайта қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілген. Денсаулық кодексіне өзгеріс енгізу қажет деді. Бұл еліміздің барлық дәрігерлері басшылыққа алатын құжат. Аурудың алдын алуға басымдық беру керектігін айтты. Менің пікірімше, бұл дұрыс бағыт.

Хабар 24 телеарнасы