386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Сейдін: Солтүстік Кореяның ядролық қару мәселесін диалог арқылы шешуге болады

  • 606
  • UPD: 10:49, 20.01.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жасаған мәлімдемесінде Солтүстік Кореяда қалыптасқан күрделі мәселені бірігіп шешуге шақырды.

«Оған ең алдымен АҚШ, Ресей мен Қытай араласып, қауіпсіздік жөнінде кепіл беруі керек. Қазақстан - ядролық қарудан бас тартқан мемлекет. Тәжірибесі де жетерлік. Сондықтан түбектегі шиеленісті жағдайды бейбіт шешуге қазақ елі әрдайым дайын. Сол мақсатта араағайындық танытып, келіссөз алаңын ұсынады», - деді Елбасы.

Нұрлан Сейдін, саясаттанушы: 

- Осы мәселені көтере отырып, қазір АҚШ, БҰҰ тарапынан да Солтүстік Кореядағы осы ядролық мәселеге қатысты Қазақстанның ұсыныстарымен қатар оған қолдау білдіріп отыр. Сондықтан біз Азия аймағындағы қауіпсіздікті сақтауға қатысты белсенді бірден бір мемлекет ретінде екінші жағынан осы ядролық мәселеге қатысты біздің мол тәжірибемізді пайдалана отырып, Солтүстік Корея мәселесін шешу. Бұған байланысты Елбасы нақты ұсыныстар көтеріп отыр. Сондықтан Қазақстан алдағы уақытта осы Кореялық ядролық бағдарламаны шешуге алаңын ұсынып отыр. Әрі қарай да осы бағытта диалог арқылы дипломатиялық жолмен түрлі қарама-қайшылықтарды шешуге барынша күш салатын болады.

Хабар 24 телеарнасы