387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда қоғамдық көлік жолаушыларының билет көрмегеніне бірнеше жыл болған

  • 564
  • UPD: 11:17, 20.01.2018

Петропавлда қоғамдық көліктер тоқтап қалуы мүмкін. Қалада тасымалмен айналысатын онға жуық компания бірнеше жыл бойы жолаушыларға жолда жүру билеттерін таратпай келген. Ал әкімдіктегілер болса, бұл туралы біздің арна тілшілерінен құлағдар болып отыр. Енді бір ай көлемінде заңды белшесінен басқан кәсіпкерлер олқылықтың орнын толтырмаса, оларды сотқа бермек.

Жасы 80-ге таяған қала тұрғыны Галина Суркова бүгінде қоғамдық көліктің қызметін күнде пайдаланады. Діттеген жеріне автобуспен қатынайды. «Дегенмен де билеттің түр-түсін көрмегенімізге бірталай уақыт болды», - дейді зейнеткер. 

Галина Суркова, қала тұрғыны:

- Билет – біздің жолда жүргенімізді растайтын арнайы құжат қой. Бірақ неге екені белгісіз, ол бізге мүлдем тараталмайды. 

Петропавлда күніне 24 бағытқа 300-ден астам автобус жолға шығады. Оның тек екеуінде ғана билет тараталады. Қалғандарында жолаушылар қолма-қол есеп айырысады.

БЛИЦ:

- Давали на троллейбусе, когда был троллейбус. А на автобусах, практически нет, никогда не дают.

- Петропавлда кондутор жоқ екен. Мысалға Көкшетауда өзі билетті береді. Ақшаны өзі жинап алып отырады. 

Жүргізушілердің жолаушыларды билетсіз тасымалдап жүргендеріне бірнеше жыл болған. Бұл әрине заңға қайшы. Алайда мұндай әрекетке не үшін барғандарын олар түсіндіре алмай дал.  

БЛИЦ: 

- По Закону же, вы, обязаны давать билеты. А почему не даёте?

– Это не ко мне обращайтесь.

– А к кому?

– Есть руководство, к нему обращайтесь.

- Почему билеты не даёте, проездные билеты?

– Ребят, опаздываю.

Заң бойынша тасымалдаушылар сатылған билет арқылы мемлекеттік кірістер басқармасына тапқан пайдаларын көрсетіп декларация тапсырулары тиіс. Алайда, бұл шаруа көп жылдар бойы қалай жүзеге асқандығы жұмбақ күйінде қалып отыр. Айта кету қажет өткен 2017 жылы тасымалдауышалардан небәрі 132 млн теңге салық түскен.

Думан Қансейітов, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

- Олар өздері қояды, жаңағы табысын. Оны тексеретін бізде басқармалар бар. Жаңағыдай кемшіліктер шығып жатса, біз бақылауға алып, тексеру бастаймыз.

Мемлекеттік кіріс басқармасындағылар билет тексеру жұмыстармен қалалық әкімдік айналысу керектігін айтуда.  Дегенмен оларда бұл іске бармақ басты, көз қысты қараған.

Ержан Ақанов, қалалық ТКШ бөлімі жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі:

- Осы күнге дейін біз аталған фактіге қатысты материалдарды жинаумен айналыстық. Енді 15 ақпанға дейін  жағдай дұрысталмаса, істі сотқа жібереміз. Сәйкесінше, тасымалдаушылармен келісімшарт бұзылатын болады.  

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Осылайша қалалық әкімдіктегілер тасымалдаушыларға бір ай уақыт берді. Егерде олқылықтың орны дер кезінде толтырыламаса, қаладағы қоғамдық көліктер түбегейлі тоқтап қалуы мүмкін. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Хабар 24 телеарнасы