374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда білім алу үшін 100 стипендия бөлінеді

  • 346
  • UPD: 19:31, 20.01.2018
Францияда білім алу үшін 100 стипендия бөлінеді Караван

2018 жылдан бастап қазақстандық студенттердің Францияда білім алуы үшін жыл сайын 100 стипендия бөлінеді.

Оның 90-ны магистратураның екінші курс стипендиаттарына, ал қалған оны докторанттарға арналған. Басымдық негізінен инженер және менеджмент мамандықтары бойынша білім алушыларға беріледі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен халықаралық білім көрмесінде белгілі болды. «Абай-Верн» деген атауға ие болған бағдарламаны Франция үкіметі мен Қазақстанның «Халықаралық бағдарламалар орталығы» қаржыландырады. Оған қатысу шарттары Франция Елшілігінің сайтында 8 ақпанда жарияланады.    

Филипп Мартинэ, Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі:  

– Францияда жайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Бізде ғылым, зерттеу жұмыстары қақынды дамиды. Францияда студенттердің 35 проценті ағылшын тілінде оқиды. Сондықтан аталған тілді меңгеруге де мүмкіндік бар. 

Осы категория бойынша: « Ақтауда университет оқытушылары баспаналы болды Алматыдан 250 шақырым қашықтықта жер сілкінді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы