384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Нұржол» желекжолында ақылы тұрақтар жұмыс істей бастады

  • 486
  • UPD: 19:27, 20.01.2018
Астанада «Нұржол» желекжолында ақылы тұрақтар жұмыс істей бастады

Мұнда көлікті қоюға арналған 472 орын дайындалып, жол белгісі, ақпараттық қалқандар мен 12 паркомат орнатылды деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Компанияның ақпаратына сәйкес көлікті тұрақтандыру үшін төлемді қолма-қол ақша, банк карточкасы, SMS, жеке кабинет, «Касса 24» терминалдары және «Парковки Астаны» ұялы телефон қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады. Төлем фото тіркеудің мобильді сертификатталған кешендерінің көмегімен түсірілген мәліметтер бойынша бақыланады.

Әр 15 минут сайын мұнда суретке түсіру құралы бар арнайы машина жүріп, тұрақта тұрған барлық көліктердің номерлерін суретке түсіреді. Мәліметтер автоматты түрде тұрақтарды басқару орталығына жіберіледі. Дәл осы сәтте экранда көліктің тұрған орны, оның номері, төлем уақыты мен төлем тәсілі бірден пайда болады.

«Таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін көлікті  бір сағатқа тұрақтандырудың құны 100 теңгені құрайды. Төлем сессия басталғаннан алғашқы 30 минут өткенге дейін жүзеге асырылуы тиіс. Демалыс және мереке күндері көлікті қою үшін төлем алынбайды. Ережелер, төлем тәсілдері, паркоматтар орнатылған жерлер жөніндегі толық ақпаратты www.2888.kz. сайтынан, 8-800-080-28-88 немесе 109 телефондары бойынша алуға болады. Паркоматтың артық ақша үшін қайтарым бермейтінін ұмытпаңыз. Төлемді 50 және 100 теңгелік тиындармен де жүзеге асыруға болады», - делінген компанияның хабарламасында.

Тұрақта көлікті тегін қою қызметі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, І және ІІ топтағы мүгедектер, «Алтын Қыран», «Халық қаҺарманы» ордендерімен марапатталғандар, «Алтын Алқа» мен «Күміс Алқа» белгілерімен марапатталған көпбалалы аналар, Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккендер, сондай-ақ Ауғанстан мен жергілікті соғыстарының ардагерлері мен мүгедектері үшін қарастырылған.

Тіркелуден өту үшін оларға көрсетілген номерлер бойынша қоңырау шалу немесе Астана қаласы Шарль де Голль к-сі, 1а Ақбұлақ шағын ауданы мекен-жайы бойынша орналасқан «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-нің кеңсесіне баруы керек.

Хабар 24 телеарнасы