Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналық жастар ардагерлерге көмек көрсетуде

  • 650
Астаналық жастар ардагерлерге көмек көрсетуде astana.gov.kz

Күннің суығына қарамастан елорда мектептері мен колледждерінің оқушылары, «Астана жастары» орталығының 200-ге тарта еріктісі «Мейірімді қала» жобасы аясында бүгін Көктал елді мекеніндегі 6 отбасыға көмектесті.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Көмекке зәру тұрғындарға, қазыналы қарттарға, ардагерлерге, жалғызбасты аналарға тұрақты түрде мекенжайлық көмек көрсетіп, аула қарын тазалап, жинауға көмектесу. «Мейірімді қала» жобасы аясындағы «ТазаLike» еріктілер қозғалысының басты мақсаты міне осындай.

«Астана жастары» орталығының 200-ге тарта еріктісі «Мейірімді қала» жобасы аясында бүгін Көктал елдімекеніндегі 6 отбасыға көмектесіп, арнайы техника кіре алмайтын жекежайларды қардан тазартты. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының директоры Болысбек Мұхамеджанның айтуына қарағанда, еріктілер мекенжайлық көмекті бұрынғыдай тек демалыс күндері ғана емес, жұмыс күндері көрсететін болады.

«Әр жылы көктемде жеке тұрғын үйлерді су басып кетеді. Соның алдын алу мақсатында арнайы техника кіре алмайтын көшелерді жастардың көмегімен тазалаймыз. Бұған дейін мекенжайлық көмек тек сенбі, жексенбі күндері ғана көрсетілсе, биылдан бастап еріктілер тобы ардагерлер мен қарттарға күн сайын жәрдемдесетін болады. Биылғы жұмыстың ерекшелігі сол. Сонда біздің көмегіміз тиетін отбасылардың саны да артатын болады», – деді «Астана жастары» ресурстық орталығының директоры.

Айта кетейік, «ТазаLike», «Біз таза жағалау үшін» қозғалысының шеңберінде 2017 жылы еріктілер «Көктал–1», «Көктал–2», «Интернациональный»  елді мекендеріндегі  60-тан астам отбасыға көмектесіп, үйлерді қардан тазартқан.

Хабар 24 телеарнасы