382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аязға байланысты астаналық энергетиктер күшейтілген режимге көшті

  • 377
Аязға байланысты астаналық энергетиктер күшейтілген режимге көшті

Астаналық энергетиктер тәуліктік жұмыс режиміне көшеді.

Бүгін шаһар басшысы Әсет Исекешев елордадағы энергетикалық кешендердің алдағы аязға дайындығын пысықтады. Дәлірек айтқанда, қаланы электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған «Шұбар» стансасы мен «Астана РЭК» орталық диспетчерлік бөлімшесі электр жүйесінің жұмысы тексерілді.

Жауаптылардың айтуынша, ертеңнен бастап мамандар тәулік бойы кезекшілік етеді. Электр жүйелерінің жұмысы 10 пайызға артады. Қазіргі таңда бір айға жететін көмір қоры мен 15 күнге жететін мазут отыны бар екен.

Руслан Әбжанов, «Астана РЭК» АҚ бас инженері:

- Мамандар тәулік бойы кезекшілік етеді. Қазірдің өзінде 5 бригада жұмыс істеп жатыр. Ертеңнен бастап күндізгі уақытта тағы екі топ қосылады. Қаңтардың 22-26 аралығында қосымша 33 бригаданы жұмысқа тарту жоспарланып отыр. Осылайша аяз кезіндегі қауіпсіздікті толықтай қамтамасыз етеміз.

Хабар 24 телеарнасы