389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дин Сяосин: Қазақстан жаһан қауіпсіздігін сақтауда салмақты жұмыстар атқарды

  • 587
  • UPD: 09:47, 22.01.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде нәтижелі жұмыс істеп жатыр. Оған қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеңесте жасаған баяндамасын әлем елдерінің мақұлдауы мен құрметі дәлел.

Қытай қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясына қарасты Орталық Азия бөлімінің басшысы Дин Сяосин осылай деп отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне екі жыл сайын бір мемлекет сайланса да, осы күнге дейін бұл сенімге ие бола алмаған қаншама ел бар.

Қазақстан болса, төрағалық міндетін жауапкершілікпен атқарып, аймақ тұрақтылығы мен жаһан қауіпсіздігін сақтауда салмақты жұмыстар атқарды. Президент баяндамасында жаппай қырып-жоятын ядролық, химиялық, биологиялық қарудың теріс пиғылды күштердің қолына түсу қаупін алдын алу керектігін баса айтты. «Оған үлкен державалар ерекше назар аудару керек», – деп есептейді.

Дин Сяосин, Халықаралық қатынастар академиясы ОА сарапшысы:  

– 2017 жылы қызу талқыланған мәселелердің бірі – Солтүстік Кореяның ядролық қаруын дамытуы. Осы күнге дейін АҚШ, Қытай елдері бұл мәселені шешуге тырысқанымен, әлі де нәтиже жоқ. Президент Назарбаев БҰҰ да сөйлеген сөзінде Солтүстік Кореяны қарусыздандыруда Қазақстанның тәжірибесін қолдануды ұсынды. Әрине Президенттің кешегі бірқатар маңызды ұсынысы Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздануына жаңа бағыт ашуы мүмкін. Ол үшін әлі де көп жұмыстар атқару керек

Хабар 24 телеарнасы