Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы «Mega Silk Way» орталығында он миллионыншы келуші тіркелді

  • 431
  • UPD: 21:50, 22.01.2018

Он миллионыншы келуші. «Mega Silk Way» орталығында орнатылған бейнебақылау камералары сауда ойын-сауық орталығының он миллионыншы келушісін тіркеді.

Елордалық Берік Қуандықов қомақты сыйақыға ие болды.

Берік демалысын әдеттегідей отбасымен бірге өткізіп, бұл жолы «Mega Silk Way» орталығына баруды жөн көрген. Бірақ 10 миллионыншы келуші болып бір миллион теңгенің сертификатына ие болам деген ой үш ұйықтаса да, түсіне кірмеген.

Берік Қуандықов, қала тұрғыны:

- Шынымды айтсам, қуаныштымын. Қазір Астанада күн суық. Сондықтан демалысты отбасыммен бірге осы орталықта өткіземіз. Үш баланың әкесімін. Балаларыма киім-кешек алып беремін деп ойлаймыз.

Жыл сайын еліміздегі Mega орталықтарына келушілердің саны артып келеді. 2016 жылмен салыстырғанда өткен жылы көрсеткіш 5 пайызға өскен. Mega орталықтарының шамамен 41 пайызы тамақтану, білім беру және ойын-сауық өткізуге арналған.

Ернұр Нұрлан, білім беру орталығының мұғалімі:

- «Education» білім беру орталығында балалармен математика, бағдарламалау және робототехника салаларында білім аламыз. Ойын барысында олар өздерінің табандылық, еңбекқорлық, креативті және ойлау қабілеттерін дамытады. Біздің басты мақсатымыз – балаларды болашақтың мамандығына дайындау.

Жыл сайын еліміздегі Mega орталықтарына келушілер саны 36 миллионға жеткен. Ал тауар айналымы 8 пайызға артып, шамамен 17 млрд теңгені құрады. Айта кетейік, «Mega Silk Way» өткен жылы Central Asia рейтингі бойынша үздік сауда-ойын-сауық орталығы атанған.

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы