386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында полицейлердің қызметтік көлігіне бейнебақылау орнатылды

  • 387
  • UPD: 12:04, 23.01.2018

Ақмола облысындағы барлық патрульдік полицейлер бейнетіркегіштермен қамтамасыз етілді. 

Мұндай 310 қондырғы сатып алуға жергілікті бюджеттен арнайы қаржы бөлінген. Бейнебақылау камерасы полицейлердің 50-ден астам қызметтік көлігіне де орнатылыпты.

«Ал заңбұзушылық  тіркелген бейнематериалды жою мүмкін емес», – дейді мамандар. Себебі ол бейне түсіріле сала бірден арнайы бірыңғай базаға жолданып, онда 3 жылдан 5 жылға дейін сақталады. Сондай-ақ облыс орталығында жол-патрульдік полицейлері хаттамаларды электронды түрде толтыруға көше бастады. Әзірге тәртіп сақшыларында 10 планшет бар.

Руслан Мұсаев, жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары :

– Бұл қондырғылардан алынған бейнематериалдар заңбұзушылық орын алған жағдайда сотқа дәлел ретінде жіберіледі. Сондай-ақ азамат пен полицей арасында қандай да бір даулы мәселе туындап жатса, осы бейнелер арқылы анығына көз жеткізуге болады.

Хабар 24 телеарнасы