378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана қаласында соңғы бірнеше күнде 7 автокөлік өртенген

  • 536
Астана қаласында соңғы бірнеше күнде 7 автокөлік өртенген Odessa.net.ua

Соңғы бірнеше күнде Астана қаласында жеті автокөлік өртеніп, тағы бесеуінде электр сымдар жүйесі тұйықталған.

Айта кетейік, 22 қаңтар күні Дүкенұлы көшесінде «AudiA6» маркалы көліктің қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққан. Оған электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуы себеп болған. Мұндай оқиғалар әлі де қайталнуда.

Қызыл жалынның шығуына әдетте көліктегі электр жүйелерінде ақаулардың болуы мен қозғалтқышты ашық отты қолдану арқылы жылыту себеп болады.

Мұндай жағдайларды болдырмау үшін Астана қаласының ТЖ департаменті автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларын, сондай-ақ техникалық тексерісті уақытылы жүргізіп, электр сымдар жүйесін жиі тексеріп тұруға, қозғалтқышты жылытуда ашық отты қолданбауға, көлік ішінде тез жанатын заттарды ұстамауды ескертеді. Өрт шыққан жағдайда «101» нөмірі бойынша телефон соғыңыз!

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы