369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қалааралық жолаушылар автобустарына техникалық талап күшейтіледі

  • 280
Қалааралық жолаушылар автобустарына техникалық талап күшейтіледі

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.

Өткен аптада Ақтөбе облысында орын алған жантүршігерлік жағдайдан кейін ведомство ішкі істер органдарымен бірлесе тұрақты түрде қатынамайтын тасымалдаушылардың көліктерін жаппай тексеруге көшті. Министрдің айтуынша, қатаң талап автобус жүргізушілерін де айналып өтпейді.

Айта кетейік, Самара-Шымкент тасжолында отқа оранған автобустың тұрақты түрде жолаушы тасымалына рұқсат беретін лицензиясы болмай, соңғы 2 жыл бойы техникалық тексерістен өткізілмегені анықталды.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Тексеріс аяқталған соң мемлекетаралық тасымалдау талабын күшейтпекпіз. Мәселен, енді тұрақты емес түрде қатынайтын тасымалдаушылар тұрақты тасымалмен айналысатын компаниялардай қатаң ережелерге бағынатын болады. Көліктер техникалық, ал жүргізушілері медициналық қараудан өтеді. Ақтөбеде болған қайғылы жағдайға байланысты тергеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ІІМ кейбір заңнамалық актілерге түзетулер мен толықтырулар енгізеді деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы