384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында елімізде су құбырларының 15%-ға жуығы жаңартылады

  • 743
  • UPD: 15:49, 24.01.2018

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін тозығы жеткен су құбырларының 15 пайызға жуығы жаңартылады.

Бүгінгі таңда желілердің 60 пайызы тозған. Осыған орай биыл,  ұзындығы 800 шақырымдық инженерлік желі салынбақ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің кезекті баспасөз жиынында белгілі болды. Басқосуда сонымен қатар, халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де кеңінен қозғалды. Мәселен, 2015 және 2018 жылдар аралығында су және жылу жүйесін жаңғырту үшін бюджеттен 237 млрд теңге бөлінген. Бірақ саладағы мәселелер онымен толық біткен жоқ. Жауапты тұлғалар осылай дейді.

Мархабат Жайымбетов, ҚР ИДМ Құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы: 

- Шынымен кей өңірлерде су тарту жүйелерінің тозығы жеткен. Мәселен, құбырлардың Павлодар облысында 85, Алматы облысында 75, Қарағанды облысында 80 пайызы ескірген. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті төмендету үшін қаржы бөлініп, жұмыс жасалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы