388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-дағы Үлкен Шаған ауылына тұщы су жеткізіледі

  • 891
  • UPD: 15:49, 24.01.2018

Ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге бағытталуы қажет. Бұл Мемлекет басшысының биылғы жолдауында Үкіметке жүктеген басты тапсырмаларының бірі. Жылдың басты құжатында айтылған міндет-мақсаттар аймақтарда қалай жүзеге асуда? 

Талғат Серікқалиұлы, тілші: 

- Былтыр Батыс Қазақстан облысында сумен қамтуға қатысты  жобаларды жүзеге асыруға 9 миллиард теңге қаржы бағытталды. 1300 шақырымдай құбыр төселіп, 60 ауылға тіршілік нәрі жеткізілді. Нәтижесінде ауыл халқының орталықтандырылған су жүйесіне қосылу көрстекіші 37-ден 43 пайызға өсті. Зеленов ауданы тұрғындарының 41 пайызы ғана сапалы ауыз су тұтынады. Ауданға қарасты ауылдардың басым бөлігі тіршілік көзін құдықтардан алады. Мәселен, мына біз тұрған Үлкен Шаған ауылында мың жарымдай тұрғын бар. Оралдан небәрі 35 шақырым жердегі ауыл газға қосылған. Жолы тақтайдай тегіс. Тұрғындардың ендігі тілегі тездетіп тіршілік нәріне қол жеткізу ғана. Бұл мәселені олар бүгінгі округ әкімінің есептік жиынында да көтерді.

Отар Нəбиев, Үлкен Шаған ауылының тұрғыны:

 - Мен Үлкен Шаған ауылының тұрғынымын. Осында 15 жыл тұрамын. Үлкен Шаған жыл сайын өркендеп, жақсарып, жан-жақты мəдени-əлеуметтік жағдайы жақсартуда. Бізді негізгі қинап тұрған мына таза су  бағдарламасын іске асыру мәселесінде. Былтыр Көшімде жүргізілді. Енді осы жылдың ортасында біздің Үлкен Шағанда жүргізіледі деген жоспар қаралып жатыр.

Думан Шанов, Үлкен Шаған ауылының тұрғыны:

- Мемлекет басшысының биылғы жолдауында барлық елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселесі айтылған болатын. Осы Жолдауда айтылған осы үлкен мәселе бізді өте  қуантады. Себебі алдағы уақытта осы мәселе шешіледі деп отыр.

Талғат Серікқалиұлы, тілші: 

- Аудан басшыларының айтуынша, қазір ауылды таза сумен қамтудың жай-жапсары жан-жақты зерделенуде. Шамамен жарты миллиард теңге жұмсалатын жоба сәтті жүзеге асса Үлкен Шаған келер жылы-ақ сапалы ауыз суымен қамтылады. Жалпы облыс бойынша қазір елді-мекендерді таза сумен қамтуды көздейтін 42 жоба жасақталып жатыр. Биыл жыл соңына дейін 50 елді мекенге тіршілік нәрін жеткізу көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы