386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы Ұлттық қорғаныс университеті АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан

  • 675
  • UPD: 19:09, 24.01.2018
Астанадағы Ұлттық қорғаныс университеті АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан

Елордадағы Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан.

Білім ордасы әскери саладағы жаңа ғылыми жетістіктерін де жариялап келеді. Бүгін университеттің бұл бағыттағы жұмыстары Парламент Сенатының бір топ депутатына таныстырылды. Сенатор Дариға Назарбаева докторантура, магистратура мамандарын даярлау барысына баса мән берді. Айта кетейік, оқу орнында әскерилер ағылшын, қытай, араб, парсы тілдерін меңгереді. Арнайы курстардан өткен соң олар серіктес мемлекеттерге жіберіліп, қарым-қабілетін жан-жақты жетілдіріп қайтады. Оның үстіне қазір мұнда 421 магистрант білім алады.

Асхат Рыспаев, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы атындағы ҰҚ университетінің бастығы:

– Біздің университет 2005 жылдан бері 200-ден астам әскери қызметкерді ағылшын тіліне оқытып, тиісті сынақтан өткіздік. Олардың біршамасы АҚШ-та білімдерін жетілдірді. Енді кейбірі әскери саланың қыр-сырына қанығу үшін НАТО мемлекеттеріндегі оқу орындарынан шақырту күтіп жүр.

Дархан Қалетаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Техникалық жағынан қарағанда, бұл университет дүние жүзінде, ТМД елдері арасында басты орында келе жатыр. Әскери ғылым дүниежүзінде дамуда. Біз де қалмауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы