389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстіккореялық фермерлер Қазақстанда жылыжай кластерін құруға ниетті

  • 433
Оңтүстіккореялық фермерлер Қазақстанда жылыжай кластерін құруға ниетті

Олар Сеулдегі елшілігімізде өздерінің  жоғары технологиялық жаңа жобаларын таныстырды.

Өз кезегінде дипломаттар ауыл шаруашылығын дамытудың келешегі туралы айтты. Елбасы Жолдауына сәйкес, енді еліміздің агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологиялар мен бизнес-үлгілерді жаппай қолдану үрдісі басталады. Оңтүстіккореялық фермерлер Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыра түсуге айрықша қызығушылық танытып отыр. Қазірдің өзінде олар Алматы облысында ақылды жылыжай салу бойынша жобаны іске қосып үлгерді. Енді сеулдік мамандар осы озық тәжірибені еліміздің өзге де аймақтарында қолдануға ниетті.

Пак Джон Хван, компанияның атқарушы директоры:

- Қазақстанның оңтүстік аймағында ауа райы жайлы, егін өнімділігі жақсы болғанымен, бәсеке күшті болғандықтан пайда аз түседі. Батыс жақта негізінен бидай өсіріледі, сондықтан онда ақылды ферма салу оңай емес. Бірақ Мәскеу мен Ресей нарығы жақын болғандықтан пайда табу мүмкіндігі бар. Солтүстік те Ресеймен шектеседі, бірақ ауа-райы қатал. Дегенмен ол жақта жылыжайлар салуға болады. Біз осы үш аймаққа сай технологияларды іріктеп алып, оларды бір кластерге біріктіруді көздеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы