386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда жаңартылған білім беру бағдарламасы кеңінен талқыға түсті

  • 708
  • UPD: 11:14, 25.01.2018
Павлодарда жаңартылған білім беру бағдарламасы кеңінен талқыға түсті

Еліміздің әр өңірінен келген педагогтар ток-шоу түрінде өткен жиында ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

Ұстаздардың айтуынша, оқу үрдісіндегі өзгерістердің сан қыры бар. Ең бастысы білім берумен қоса оқушының тұлға болып қалыптасуына  жағдай туады. Яғни бейімдік оқыту форматын енгізу арқылы артық жүктемелерді азайтады. Кеңеске педагогтармен қатар психологтар, әдіскерлер, ата-аналар мен оқушылар шақырылған. Жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу – «100 нақты қадам: Ұлт жоспарында» көрініс тапқан маңызды бағыттардың  бірі. Екі күнге созылатын жиында  Павлодар облысының білім саласындағы жетістіктері де паш етілмек.

Сәуле Еділбаева, Қарағанды облысы, Білім инновация мектеп-лицейі директорының орынбасары:

- Жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде яғни күнделікті бағаны алады. Оларды алған кезде 5 баллдық жүйе емес, әрине мақтау, мадақтау деген сияқты. Бұл бағдарламаның негізінде тапсырмалардың өзі оқушылардың күнелікті өмірге бейім етіп яғни функцилналдық сауатты ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін өте көп тигізеді.

Берік Айтбайұлы, ата-ана:

- Менің екі балам бар. Біреуі әлі күнге дейін ескі бағдарламамен оқып жатыр, 6-сыныпта оқиды. Қызым 2-сыныпта оқиды, ол жаңа бағдарламамен үй жұмыстарын оңай, оңтайлы жасай алады. Бала көбінесе сұрақтардың жауабын табуына байланысты өзі дамып, өзі ізденеді.

Хабар 24 телеарнасы