375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тапшылықты жою үшін көмір өндірісі 107 миллион тоннаға жеткізіледі

  • 624
  • UPD: 20:46, 25.01.2018

Елде көмір тапшылығы болмау үшін энергетика министрлігі өндірілетін қара отын көлемін биыл 107 миллион тоннаға жеткізбек.

Және алдағы уақытта 8 энергоблокты, 56 қазандық пен 47 турбинаны жөндеу жоспарланып отыр. Осы сынды бірқатар ақпаратпен бөліскен ведомство өкілдері көмірдің сапасын да сөз етті. Себебі «алған қатты отынымыз жанбайды» деген халықтың шағымы көбейіп кеткен. Бұдан бөлек Өскемендегі білдей жылу электр орталығына жеткізілген көмірдің біразы тас болып шыққаны анықталыпты. Сондықтан қазір компания басшыларымен кездесіп, көмір сапасына тексерісті күшейттік. Вице-министр осылай дейді.  

Бақытжан Жақсалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Осы мәселе бойынша көмір өндіретін кәсіпорын басшыларын шұғыл түрде жинап жатырмыз. Қатты отынды жеткізудің бізде арнайы стандарты бар. Тағы бір айтар жәйт - кейбір кәсіпорындар халыққа «Шұбаркөл» деп, сапасыз өзге көмірді сатып жатқаны белгілі болды. Осы тұрғыда тұрғындардан шағым да түсті. Бірақ бұл жағдайды біз бақылап, тыя алмаймыз. Себебі құзыретімізге кірмейді. Оны жергілікті атқарушы орган қадағалауы керек.

Хабар 24 телеарнасы