383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО диқандары мол өнімді мақта сортын егуден қиындық көріп жүр

  • 796
  • UPD: 22:43, 25.01.2018

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында диқандар көп өнім беретін жоғары сорттың жетімсіздігінен мақтаның техникалық сортын егетін болды.

Биыл тағы да былтырғы жағдай қайталанғалы тұр. 2017 жылы шаруалар мақталық танаптың 90 пайызына техникалық сортты еккен болатын. Өйткені аймақта тұқым дайындайтын шаруашылықтардың тірлігі алға басатын емес. Қазір жоғары сортты шит дайындаумен мақта шаруашылығы ғылыми институты мен бірлі-жарым шаруашылық ғана айналысады. Ал олардың әзірлеген тұқымдары егістік алқаптың үштен біріне ғана жетеді. Қазір өңірде тұқым шаруашылығы туралы арнайы бағдарлама әзірленуде. Осы құжатқа сәйкес енді егістік алқаптардың  95 пайыз жеріне бірінші репродукторлы тұқым себілуі тиіс. Оған жету үшін әлі төрт-бес жылдай уақыт керек. 

Ибадулла Үмбетаев, мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының директоры:

- Егер біз екінші репродукциялық тұқымды егетін болсақ, техникалық шитпен салыстырғанда 15-20 пайыз жоғары өнім ала аламыз. Мысалы 30 центнер алатын болсақ техникалық шиттен бұл жерде 36 центнер өнім алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы