383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олег Гайдукевич: Биліктің кез келген бастамасы жемқорлық салдарынан құрдымға кетеді

  • 380
Олег Гайдукевич: Биліктің кез келген бастамасы жемқорлық салдарынан құрдымға кетеді

Белоруссияның саяси жетекші партияларының бірі Президенттің берген нұсқаулары туралы өз пікірімен бөлісті.

Либералды-демократиялық партияның жетекшілері азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мен инновациялық бейнебақылау жүйесін енгізу жөніндегі жоспарға баса назар аударып отыр.

Олег Гайдукевич, либералды-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Қазақстан Президенті атап өткендей, маңызды бағыттардың бірі заңның үстемдік құруы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып отыр. Неліктен бұл маңызды? Себебі кез келген бағдарлама, биліктің кез келген бастамасы, халық игілігіне жасалған дүниелер сыбайлас жемқорлық салдарынан құрдымға кетеді. Шенеуніктер пара алғанда, халық қаражатын ұрлағанда, елді алдағанда, бірегей бастамалар жүзеге аспай қалады. Бұл нағыз жемқорлық. Сол себепті де біз жақсы идеялар мен жоспарларды соңына дейін жеткізе алмадық.

Хабар 24 телеарнасы