383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана қаласының агломерациясына аймақтың 123 ауылы кірді

  • 503
  • UPD: 15:18, 26.01.2018
Астана қаласының агломерациясына аймақтың 123 ауылы кірді

Астана қаласының агломерациясына Ақмола облысының Шортанды, Аршалы және Целиноград аудандарынан бас-аяғы 123 ауыл кірді.

Енді осы елді мекендерді дамытуға аса қатты мән беріледі. Олардың инфрақұрылымын дамытып, әлеуметтік нысандар салуға жергілікті, облыстық, тіпті республикалық қазынадан қаржы бөлінбек. Мәселен, бір ғана Целиноград ауданының өзінен 49 ауыл елордамен бірге дамитын болады. Сол арқылы осы ауылдардағы көптеген күрделі мәселе өз шешімін табатын болады. Мәселен, Қосшы мен Қоянды ауылдарында жаңа мектеп салынады. Талапкер мен Қараөткелден бөлек, тағы да 20 шақты ауылдың жолдары жөнделеді. Балабақшалар салынып, ауылдардағы ауызсу мәселесі шешіледі.

Малғаждар Тәткеев, Целиноград ауданының әкімі:

- Қазіргі уақытта 3 мектеп салынып жатыр. Тағы да 8 мектеп жоспарланып отыр. Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Тағы да 12 балабақшаға жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

Хабар 24 телеарнасы