383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз оқушылардың халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері бойынша 30-орында

  • 448
  • UPD: 20:42, 26.01.2018

Еліміз оқушылардың халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері бойынша әлемде 30-орында тұр.

Жалпы егемендік алған жылдары білімділер сайысынан 27 мыңға жуық жүлде ел қоржынына түскен. Оның 3 мыңы алтын медаль. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды. Сала мамандары біздің оқушылар 50-ден аса халықаралық олимпиада мен ғылыми ізденіс жұмыстарына қатысатындығына тоқталып өтті. Оның ішінде Жәутіков атындағы халықаралық олимпиада да бар. Биыл бұл сайысқа шетелдік 72 мамандандырылған мектептен 500-ге жуық шәкірт қатысқан. Қазақстан құрамасы 60 медаль иеленді.

Бағдәурен Нарбаев, XIV Халықаралық Жәутіков атындағы олимпиаданың жеңімпазы:

- Жәутіков олимпиадасына мен үшінші рет қастысып отырмын. Сонымен қатар ҚР құрама командасының атынан тағы бірнеше халықаралық олимпиадаға қатысқанмын. Менің қоржынымда 2 алтын медаль бар.

Хабар 24 телеарнасы