385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да медициналық техниктерді дайындауды қолға алды

  • 746
ШҚО-да медициналық техниктерді дайындауды қолға алды

Шығыс Қазақстандағы емдеу мекемелеріне 24 млрд теңгеге заманауи жабдықтар алу көзделген.

Демек, оларға қызмет көрсету маңызды. Осы орайда Өскеменде медициналық техниктерді дайындауды қолға алды. Қазір сол өңірдегі жоғарғы оқу орнының бірінде тұңғыш білім бағдарламасы әзірленіп жатыр.

Шығыс Қазақстанда отандық сандық медицина дамып келеді. Робототехника жаһанның үздік құрылғылары өңірдегі емдеу мекемелерін толықтырып жатыр. Олардан ақау шықса, жұмыс та тұралауы мүмкін. Осы орайда облыстағы техникалық университет мамандары «IT медиктерді» дайындауға кіріспекші.

Наталья Аринова, білім бағдарламасының жетекшісі:

- Қазақстанда бірінші рет медициналық техниктерді дайындамақшымыз. Ресей, Германия, Жапония, Австрия елдеріндегі белді университеттермен байланыс орнаттық. Жоспарымыз көп. Қолымыздан келеді деген ойдамыз. Құрал-жабдықтарымыз дайын. Медициналық мекемелер, билік тарапынан қолдау бар.

Бұған дейін елімізде медициналық техниктерді оқыту тәжірибесі болмаған. Енді алдағы уақытта оларды тіпті магистр дәрежесіне дейін дайындау көзделіп отыр. Медет Ежембаев келешекте осы мамандықты игермекші. Жас техник: «Заманауи жабдықтарға бағдарлама енгізу, жөндеу, қызмет көрсету мен үшін қиын емес», – дейді.

Медет Ежембаев, студент:

- АҚШ ҒТЗ жағынан өзінің алда келе жатқанын көрсетіп отыр. Бізде Қазақстанда ҒТЗ прогрестің және ақпараттық техниканың инженерлерін дайындау әрқашан да сұранысқа ие. Әлемдегі басқа мемлекеттермен бәсекеге түсе аламын деп ойлаймын.

Асхат Үгішев бәсекеге қабілетті жастардың техникалық қызмет көрсету бюроларында тапшы екенін айтады. «Заманауи жабдықтардың көмегіне жүгінген науқас үшін медициналық техниктердің қырағылығы аса қажет», – дейді ол.

Асхат Үгішев, облыстық аурухананың техника және ақпараттық бөлімінің басшысы:

- Робототехника, тағы басқалары технологиялық аппарат мамандарына, басқа медицина мамандары сияқты штат қаралған.

Сұранысқа ие мамандар медициналық техника және телемедицина бағытында дайындалатын болады. Оларға тікелей жабдықтар шығарылатын орындарда тәжірибеден өту мүмкіндігі де  қарастырылған.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы