386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Жолдауындағы идеяны Бразилия мемлекеті де қолдап отыр

  • 633
Елбасы Жолдауындағы идеяны Бразилия мемлекеті де қолдап отыр

Елбасы Жолдауында: «Жүргізушісі жоқ техника адами фактор әсерін азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді», – деген болатын.

Бұл идеяны Бразилия мемлекеті де қолдап отыр. Сарапшылар Қазақстанда қолданылып жүрген озық технологиялар елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға жаңа серпін береді деп сенеді. Латынамерикалық мемлекеттің Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның инновациялық әдістері халықаралық нарықта үлкен демеу болады деп есептейді.

Жоау Альмино, Бразилияның Ливандағы бұрынғы елшісі:

- Жолдауда Нұрсұлтан Назарбаевтың университеттер мен ғылымды дамыту жөнінде жазғаны ұнады. XXI ғасырда кез келген мемлекеттің даму процесі білімнен бастау алады. Жолдауда жүргізушісі жоқ техника туралы айтылғанын да оқыдым. Бұл керемет, заманауи көзқарас. Бірақ бұл істе абай болу қажет. Меніңше, Жолдауда айтылған халықаралық нарыққа шығу туралы ой ақылға қонымды. Өйткені бұл табыс әкеледі. Біз қазір екі ел арасындағы көптеген бағыт бойынша жол картасын жасауға тырысып жатырмыз. Кейбірі іске асып жатыр, кейбірін әлі де жетілдіру керек. Бастысы жұмыс басталды, нақты жоспар да, идея да бар.

Хабар 24 телеарнасы