386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы тұрғындар ауызсусыз қалды

  • 721
  • UPD: 23:18, 27.01.2018

Алматы облысындағы Талғар өзеніне мұз қатып қалды.

Салдарынан Талғар ауданындағы сумен жабдықтау жүйесі істен шығып, тұрғындары тіршілік нәрінсіз қалды. Бұған соңғы күндері аймақта ауа райының күрт төмендеп кетуі себеп. Дәл осындай жағдай үш күн бұрын Алматы маңындағы Ақжар, Жаңатұрмыс және Қырғауылды елді мекендерінде де болған. Қазіргі таңда жауапты сала мамандары құбырларды қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Ауа райының күрт суытуына байланысты Талғар өзеніндегі су деңгейі төмендеді. Сонымен қатар өзен арнасына мұз қата бастады. Талғар өзенінен Талғар қаласы су алатындықтан, қазір ауызсу мәселесінде бірқатар мәселе туындады. Бірақ қолданылған шаралардың арқасында қала тұрғындары 70-80%-ға ауызсумен қамтылды. Алдағы уақытта коммуналдық қызметтер арнайы топ құрып, осы өзеннің сағасында пайда болған мұз дамбаларын жарып, су деңгейін көтеруде. Жақын арада суды қалыпты беруді бастайды. Әр сағат сайын екі бригада ауысып жұмыс істеуде. Сонымен қатар өзеннің арнасында қосымша техника мен адамдар жұмылдырылған. Яғни мұз қатпау үшін алдын ала шаралар қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы