383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жас Отан» бірлестігіне мүше әрбір жас қоғамға жақын болуы керек

  • 722
  • UPD: 10:46, 29.01.2018

«Нұр Отан» партиясының жастар қанаты «Жас Отанның» 4-ші құрылтайы қарсаңында бірлестік төрағасы Данияр Сүндетбаев Мәскеудің жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесті.

Ол жуырда Орталық Кеңестің ашық сайлауы өтетіні туралы хабарлап, бірлестікке мүше әрбір жастың мақсаты қоғамға жақын болу екенін айтты. Еркін форматтағы жиын Мәскеудің болат және қорытпа институтында өтті. Партияластар ресейлік «Жастар ұланындағы» әріптестерімен де кездесіп, ортақ жобаларын талқыға салды. Атап айтсақ, шекаралас өңірлерде бірлескен шаралар өткізу жоспарланып отыр.      

Данияр Сүндетбаев, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

– Биылдан бастап «Жас Отанда» үлкен өзгеріс. Біз демократиялы түрде үлкен сайлау науқанын өткізуді жария етіп, қазақ жастарының арасынан нағыз көшбасшыларды іріктеп аламыз. Орталық Кеңес мүшелігіне тек қана Қазақстан азаматтары ғана емес, «Болашақ» сияқты түрлі бағдарламалар бойынша оқитын қазақстандық студенттер де өте алады. 16 мен 29 жас аралығындағы өрендер «Жас Отан» қатарына қосылуға толық құқылы.

Мұхтар Баймағұлов, «Жас тұлпар» ұйымының төрағасы:

– Саяси Кеңес мүшелігіне біз де үміткерімізді ұсынамыз. Өзге де елдерде оқып жатқан жастарды, көшбасшыларды осы кеңеске сайлануға, өз үлесін қосуға шақырамын. Шетелде білім шыңдап жүрсек те, еліміздің жастар қозғалысынан хабардармыз. Елбасымыздың сарабдал саясаты арқылы тың жобалар жүзеге асырылып жатыр.

 

 

Хабар 24 телеарнасы