382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы «Қарабатан» полигонында жауынгерлер мергендіктерін сынады

  • 632
  • UPD: 13:53, 29.01.2018
Атырау облысындағы «Қарабатан» полигонында жауынгерлер мергендіктерін сынады

Атырау облысындағы «Қарабатан» полигонында әскери оқу-жаттығу жиыны өтті.

Оған еліміздің Батыс шекарасын қорғап тұрған зениттік бөлімше мен әскери барлаушылар қатысты.

Әскери оқу-жаттығу кезінде жауынгерлер оқ атып, мергендіктерін сынады. Түрлі қару-жарақ түрлерін қолданып, шеберліктерін шыңдады. Сондай-ақ кедергілерден өту секілді шартты тапсырмаларды орындады. Бұдан өзге жаттығу кезінде тұңғыш рет 1 минутта 2 мың оқ ата алатын зениттік қондырғы пайдаланылды. Оның ату қашықтығы – 2 жарым шақырым. Әскерилердің мәлімдеуінше, барлаушылар да өз міндеттерін толық орындаған.

Шыңғысхан Тауықов, барлау бөлімшесінің командирі:

– Біздің бөлімшеге шартты қарсыластың  бекінген орнына барлау жасай отырып, маңызды құжатты қолға түсіру міндеттелген еді. Оны бөлімше командирлері мен жауынгерлері ұйымдасқан түрде, сауатты орындап шықты.

Хабар 24 телеарнасы