386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Адлан Маргоев: Қазақстанның ядролық қарусыздану тәжірибесін өзге елдердің қолдануына болады

  • 407
  • UPD: 12:26, 30.01.2018

Қазақстан Президентінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтқан тезистері – бұрынырақта халықаралық қоғамдастық ұсынған «Манифест. Әлем. XXI ғасыр» жүйелік құжаты бойынша дайындалған әлемдік державаларға үндеу.

ПИР-орталығы «Ресей және ядролық қаруды таратпау» бағдарламасының директоры Алдан Маргоев осылай деп атап өтті. Сарапшының пікірінше, уақытында батыл қадам жасап, ядролық қару арсеналы бойынша әлемде төртінші орын алған мемлекеттің одан бас тартып, қазіргі таңда ядролық қаруды таратпау жөнінде үндеу тастағаны аса бағалы идея болып отыр.

Адлан Маргоев, ПИР-орталығы «Ресей және ядролық қаруды таратпау» бағдарламасының директоры:  

- Ел басшылығы ядролық қаруды жойып, ядролық қарусыз аймақ құруда өз күш-жігерін аямауға бел буды. Қазақстанның мұндай ролі басқа да халықаралық мәселелерді шешуге сеп болады және бұл тәжірибе басқа елдер мен аймақтарда да жүзеге асуы мүмкін. Келісімге қол жеткізуге тырысатын елдер арасындағы сенімге негізделген жүйелі диалогты қарастыратын бастама - Қауіпсіздік Кеңесінде ұсынылған алты бастаманың ең маңыздысы.

Хабар 24 телеарнасы