386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Қазақстан халқы» деп аталатын интерактивті карта жасалып жатыр

  • 693
Алматыда «Қазақстан халқы» деп аталатын интерактивті карта жасалып жатыр

Бұл жобаны Елбасы Жолдауы аясында Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнография институты жүзеге асырды.

Заманауи ақпараттық технология көмегімен әзірленген ғылыми-интерактивті картада қазақ ұлтының шығу тарихынан бастап, елімізге қоныс аударылған өзге ұлт өкілдерінің де тарихы мен мәдениеті туралы мағлұматтар қамтылған. Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық кеңесінде айтылды. Жоба көпшілікке наурыздың бірінде таныстырылмақ.

Зиябек Қабылдинов, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры:

- Басты мақсаты «Қазақстан халқы ежелден, сақ дәуірінен бүгінге дейін қалай қалыптасты?» дегендей сауалдарға жауап. Өзге ұлт өкілдері қай уақытта келе бастады? Қандай себеппен келді? Олардың тарихы, саны, орналасуы, шаруашылығы, мәдениеті қалай болды? Қазақстанға қосқан үлесі жөнінде осы интерактивті картада айтылады.

Хабар 24 телеарнасы