386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бизнесті дамыту бағдарламасы таныстырылды

  • 370
  • UPD: 18:20, 31.01.2018

Алматыда Орталық Азиядағы шағын және орта бизнесті дамытуға арналған аймақтық бағдарлама таныстырылды. Оны Еуропалық қайта құру және даму банкі ұсынып отыр.

Халықаралық қаржы ұйымның еліміздегі негізгі серіктесі «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен бірлесіп, еуропалық банк қаржы институттары үшін білім алмасу мен онлайн тренингтер платформасын дайындаған.

Бұл жаңа бағдарлама әдеттегідей екінші деңгейлі банктерді қаржыландыру арқылы бизнесті несиелеуді көздейді. Бірақ кәсіпкерлік жобаларын қарастырғанда қарызды кепілдендіру ісінде үнемі қатаң талаптар қоюдың негізсіз екенін ескертеді. Сондай-ақ бизнес жоба бойынша шешім қабылдауда уақыт үнемдеуге шақырады. 

Нұрлан Ақшанов, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры басқарма басшысының орынбасары  

– Біз банк мамандарын қашықтықтан оқыту тәжірибесін бастаймыз. Олар еліміздің кез келген аймағында отырып, онлайн жүйесі арқылы өзіне қажетті дәріске қатысып, білім алуына болады.

 

Хабар 24 телеарнасы