387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Қазақстан ТМД елдері арасында көшбасшы екендігін дәлелдеп келеді

  • 580
  • UPD: 10:55, 01.02.2018
Сарапшылар: Қазақстан ТМД елдері арасында көшбасшы екендігін дәлелдеп келеді

Қазақстан ішкі саяси бастамалары арқылы ТМД елдері арасында көшбасшы екендігін дәлелдеп келеді.

Және инвестициялық, қаржылық бағыт пен білім беру саласында өзгеге үлгі бола алады. Бұл – ресейлік сарапшылардың пікірі. Мәскеуде «Қазақстандық бағытта жаңғыру: 2018 жылдың басымдықтары» тақырыбында жиын өтіп, ғалымдар, саясаткер мен сарапшылар Елбасының биылғы Жолдауын талқылады.

Шетелдіктер, әсіресе, маңызды құжатта айтылған адами капиталды дамыту бағытына айырықша тоқталды. Жолдауда айқындалған мақсат Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, озық елдермен терезесін теңестіреді.

Георгий Петров, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасы президентінің кеңесшісі:

Қазақстан экономикалық тұрғыда қарыштап дамып келеді. Келешекке нақты жоспары жасалды. Ал оны жүзеге асыруға Жолдау темірқазық болмақ. Мұндай қарқынмен өркендеген елдеріңіз әлемнің озық отыз мемлекетімен теңесе алады.

Анатолий Казанцев, ОА және Ауғанстан мәселесі бойынша зерттеу орталығының директоры:

– Нұрсұлтан Назарбаевтың адами капиталды дамыту қажет дегені халықтың жағдайына айрықша басымдық бергені деп білемін. Мәселен, бүгінде Қазақстанда білім беру саласын жаңғырту үшін реформалар жасалып жатыр. Үш тұғырлы тіл саясатына да ерекше ден қойылған. Бұл өз кезегінде жастарды бәсекеге қабілетті етеді. Ал жас буын зияткер болса, елдің келешегі кемел деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы