384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты халықаралық форум басталады

  • 1260
  • UPD: 22:03, 01.02.2018

Ертең Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты халықаралық форум басталады.

Алқалы жиында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары, ақпараттық технология саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар, отандық және шетелдік корпорациялардың және бизнес қоғамдастықтың өкілдері экономиканы цифрлық жүйеге көшіру бойынша әріптестік мәселелерін талқылайды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алған еліміз үшін бұл шараның маңызы зор. Себебі ғаламдық технологиялардың көшіне ілесу мемлекеттік меже екенін Президент биылғы Жолдауында да ерекше атап өтті. Жаһандық мәселеде бірлескен шешімдердің ұтымды екенін ескерген Елбасының Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикасындағы цифрландыру мәселелерін талқылауға арналған халықаралық форумды өткізу туралы бастамасы Одақ елдері тарапынан қолдау тапқан.

Қайрат Балықбаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі:

– ТМД мен ЕАЭО елдері арасындағы жаңа цифрлық күн тәртібін  пысықтау мақсатында жиын өткізілейін деп жатыр. Форумның басты мақсаты – цифрландыру аясында өзара білім мен тәжірибемен айналысу, екіншіден, ЕАЭО елдерінің цифрландыру бойынша жұмысы мен әріптестігін нығайту, бірлескен шараларды пысықтау.

Руслан Еңсебаев, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма басшысы:

– Мемлекет басшысы цифрлық технологияланы дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Президент өз Жолдауында цифрландыруды елдің бәсекеге қабілеттілігін жаңа сатыға көтеретін басым бағыттардың бірі деп көрсетті. Форумға дайындық жан-жақты жүргізілуде. Шақырылған сарапшылардың көбі келді. Жиынға Еуразиялық одақ елдерінен арнайы делегациялар да қатысады.

Форумның күн тәртібінде электронды сауда, мемлекеттер арасында сандық жүйені басқару, робот жасау мен жасанды интелект сияқты инновациялық жобаларды экономикаға енгізу мәселелері талқыланбақ.

Максим Казак, форумның модераторы, СNews басылымының бас редакторы:

– Бұл басқосудың маңызы зор. Ғаламдық өзгерістер кезеңінде өтіп жатқан пікірталастар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары цифрлық технологияларды дамытудың тиімді жолдарын тауып, ол ортақ игілік үшін қызмет етеді деп ойлаймын.

Форум жұмысына цифрлық ақпараттық жүйені енгізу мен дамытуда тәжірибесі бар елдердің сарапшылары қатысады. Ұлыбритания, АҚШ, Еуропа елдері мен Азия аймағынан келген мамандар технологиялардағы өзгерістер туралы баяндама жасайды. Сарапшылар олардың ұсыныстары мен тәжірибесі Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметінің бірлескен жұмысына тиімді болмақ дейді.

Афик Джохар, малайзиялық инновация орталығының жетекшісі

– Цифрлық технологияларды дамытуда Қазақстанның жасап отырған бастамалары қуантады. 5 жыл бұрын Малайзия да осы бағытта алғашқы қадамдарын жасаған болатын. Қазіргі жаһандық өзгерістер Қазақстанның ІТ индустриясын дамытуға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Сондықтан мұндай жиндардың тиімділігін атап өткен жөн.

Cондай-ақ ертең Алматыда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресейдің үкімет басшыларының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді.

 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Владимир Бовкис, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы