389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда Ақ Олимпиадаға қатысушы Ұлттық құраманы қолдау шарасы өтті

  • 626
  • UPD: 15:26, 02.02.2018

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін XIII қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды.

Кілең мықтылар анықталатын байрақты бәсекеде Қазақстан  құрамасы сапында павлодарлық спортшылар да өнер көрсетеді. Жерлестерін қолдау үшін белсенді жастар дәл қазір облыс орталығындағы шаңғы базасына жиналған. Олар коньки теуіп шаңғыдан жарыс ұйымдастырып жатыр.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Павлодар облысынан  қысқы олимпиадаға  7 спортшы қатысады. Биатлоннан  Дарья Климина және  Максим Браун, шорт-трек бойынша Денис Никиша, Еркебұлан Шамұқанов, Мирсаид Жақсыбаев және Ионг А Ким. Шаңғы жарысы бойынша Қазақстанның  ұлттық құрамасының сапында  Павлодарлық спортшы Анна Шевченко ел намысын қорғамақ. Естеріңізде болса былтыр Қазақстанда өткен 28-Бүкіләлемдік Универсиадада  Ертіс өңірінен 10 спортшы  өнер көрсеткен болатын.  Ел  қоржынына салынған 36 медальдің 11-і  Павлодарлықтардың еншісінде болды. Ал шаңғышы Анна Шевченко  бір алтын, бір күміс, үш қола медальмен Универсиада тарихында рекорд орнатты. Жалпы Усолка өзенінің жағасында орын тепкен  шаңғы базасы қысы жазы спортшылардан босамайды. Десекте бүгінгі жарыстың орны бөлек. Өйткені жастар қысқы Олимпиада ойындарына кеткен спортшыларды қолдауға келіп отыр. Шаңғы жарысына  жергілікті спорт клубтарының тәрбиеленушілері мен колледж студенттері және салауатты өмір салтын ұстанған белсенді жастар қатысып жатыр.  Түрлі қашықты  бағындыруға 130 әуесқой спортшы бел буған. Ұйымдастырушылар бұл акцияның әлі  бірнеше күнге созылатынын айтады. Ертең қысқы спорт ойындарынан қалалық ашық чемпионат өтсе, жексенбі күні мемлекеттік қызметкерлер,  кәсіпорын еңбеккерлері мен қарапайым қала тұрғындары  шаңғы жарысына қатысады.

Хабар 24 телеарнасы