386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Финляндиялық сарапшы: Қазақстан өзге елдерге үлгі бола алады

  • 489
  • UPD: 19:10, 03.02.2018
Финляндиялық сарапшы: Қазақстан өзге елдерге үлгі бола алады издательства "КПД"

Қазақстанның өз ішіндегі реформалардың тиімді жүзеге асуы сыртқы саясатта да белсенді әрекет етуге мүмкіндік туғызды.

Елбасының халыққа жолдауы Финляндияда талқыланды. Бірнеше апта бойы Хельсинкиде Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен жоспарлары жөнінде сарапшылар өз ойларымен бөлісті. 

Киммо Кильюнен, Финляндия әлеуметтік-демократиялық партиясының мүшесі: 

- Қазақстан Президентінің «Мемлекет тек өз-өзіне сенеді» деген сөзі өте маңызды. Бүгінде Қазақстан көршілес елдерге үлгі боларлық Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекетке айналып отыр. Қазақ елінің басшысы адами капиталға, білім беруге инвестиция салу керек идеясын да айтты. Ел дамуының негізі мен білім алуға деген көзқарасты өзгерту – ең негізгі мақсат болса керек.

Хабар 24 телеарнасы