386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысындағы ауылдарда ветеринар бекеттері ашылады

  • 528
  • UPD: 13:56, 04.02.2018

Павлодар облысының Май ауданында оннан астам қауіпті көмбе анықталды. Онда сібір жарасынан қырылған малдардың өлекселері тасталған. Жұқпалы кеселдің алдын алу үшін қауіпті аумақтар қатаң бақылауға алынды. Өйткені өңірде мал басы артып келеді. Әсіресе асыл тұқымды мал өсіруге ниеттілердің қатары қалың. Соған орай ауылдарда ветеринарлық бекеттер ашылады.

Кең ауқымды ветеринарлық шаралар эпизотикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл - мал шаруашылығымен айналысатын аудан үшін өзектілігі жоғары мәселелердің бірі. Өткен жылы бюджеттен 45 миллион теңге бөлініп, тек сібір жарасына қарсы 40 мыңдай мал егілген.  

Ерғанат Ахметов,аудандық ветеринарлық бөлім жетекшісі:

- Мына Сібір жарасына қарсы бізде 30 мыңнан астам қара мал егілді. 94 мың қой, 11 мың жылқы егілді. Диагностикалық тексеру бойынша біз мына аудан бойынша бруцеллезге қарсы жұмыстар жасадық. 277 ірі қара шықты. 147 бас қой анықталды. Барлық ауру малдар ет комбинатына тапсырылды. Осыған орай біз 30 пайыздық компенсация төледік.

Ауданда жыл санап, мал басы артып келеді. Шаруалардың дені асыл тұқымды мал басын көбейтуді көздейді. Солардың бірі - Назымбек Теміржанов қазақтың ақбас сиырларын өсіреді. Малдың сапасы артқан сайын сатып алушылар қатары көбейді. Шаруа осылай дейді.

Назымбек Теміржанов, шаруа қожалығының басшысы:

- Шаруашылық асыл тұқымды болғаннан кейін енді малымыз таза болуы керек. Сол үшін міне ветеринарлар көп көмек береді. Жылда сататын малымыз таза болады.

Ауданда жүргізілген диагностикалық зерттеулер аса қауіпті 11 індетті анықтапты. Бұл эпизотикалық жағдайды реттеуге сеп болды. Ағымдағы жылы Баскөл, Қаратерек және Көктөбе ауылдарында заманауи үш ветеринарлық бекеттің құрылысы басталады.

Темірболат Сарин, Май ауданы әкімінің орынбасары:

- Үш тірек ауылға үш мал дәрігерлік пункт салынатын болады. Оған 67 миллион теңге қаражат бөлінді. Жалпы бүгінгі күні бізде мал дәрігерлік пунктте тағы 3 сметалық жоба дайын. Одан кейін 5 мал қорымын салуға сметалық жобалар дайын. 

Май ауданында сібір жарасынан қауіп тудыратын 8 көне көмбе анықталды. Бес ауылдық округте орналасқан ол жерлер қоршалып бақылауға алынды.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы