386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісу өңірінде асыл тұқымды мал басы артты

  • 533
  • UPD: 20:37, 05.02.2018

Жетісу жерінде азық-түлік белдеуін қалыптастырып, мал тұқымын асылдандыру ісінде ілгері басып келеді.

Мәселен, Жамбыл ауданындағы жеке шаруа қожалығы Украинадан әкелінген асыл тұқымды 200 бас ірі қарамен толықты. Аяз бен үскірік желге қарамастан 6 мың шақырым жерден екі жетіде Жетісуға жеткізілген Зеңгі баба тұқымы жергілікті табиғи жағдайға тез бейімделді. Әр сиыр күніне екі мезгіл сауылады. Тауарлы сүт фермасында бір күнде жиналатын сүт көлемі 4 жарым тонна. Қазір қожалықта 500 бас ірі қара бар. Мақсат жылдық өнім көлемін 6 мың литрге дейін жеткізу болып отыр. Сонымен қатар қазір  шаруашылықта украиналық мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар жергілікті жас мамандарға бар білгенін үйретіп, ферма жұмысын еуропалық талапқа сай ету үшін көмектесіп жүр. 

Василий Поворознюк, мал дәрігері /Украина/:

- Күтім мен жұмыс талапқа сай жасалу керек. Сиыр сауы немесе жем-шөп беру уақыты болу шарт. Сонда ғана өнім өсіп, іс ілгері жылжиды.

Батырхан Қойланов, жас маман: 

- Нақты бұлар өздерінің қазіргі таңдағы қолданып жүрген технологиясы – малды ұрықтандыру, қалай одан сүтті көп алуға болатынын, өнімділігі, өсіп-өну технологиясын үйрену барысындамыз қазіргі таңда.

Хабар 24 телеарнасы