386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында иіс тиюден улану дерегі жиіледі

  • 455
  • UPD: 20:37, 05.02.2018

Алматы облысында жыл басынан бері 8 адам мен бір бала ыстан уланып, көз жұмды.

Жылыту маусымы басталғалы пештен шығатын улы газдан зардап шеккен азаматтардың саны 11 адамға жетті. Оның тең жарымы балалар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұндай деректер 4 есе өскен. Өрт сөндірушілер бұған қатты алаңдап отыр. Алматы облысында ақпан айы қауіпсіздік шараларын түсіндіру айлығы болып белгіленді. Мамандар «мұндай жағдай көбіне пештің дұрыс салынбауынан және уақтылы тазаламаудан болады» дейді. Сол себепті олар қала іргесіндегі ауылдар мен саяжай аумақтарын аралап, үнпарақтар таратып жүр. Сондай-ақ мектептерде ата-аналар жиналысын өткізіп, тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Толқын Қатышева, Алматы облыстық ТЖД бас маманы: 

- Көбінесе бізде уланғыш газдан уланатын әлеуметтік осал топтағы тұрғындар боп келеді. Сондықтан сол тұрғындарға қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, пештердің түндіктерін, мұржаларын дер кезінде тазалап, осындай жұмыстар облыстық ТЖД қызметкерлерімен жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы