380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жер»: ОҚО-да 118 көпқабатты үй пайдалануға беріледі

  • 923
  • UPD: 18:04, 06.02.2018

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 730 мың шаршы метр тұрғын үй салынады.

Өткен жылы да дәл осыншама көлемдегі баспана қолданысқа берілген болатын. Оның 436 мың шаршы метрі көпқабатты болса, қалғаны жеке тұрғын үй. Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын әсіресе жас отбасылар мен кезекте тұрған азаматтар көруде.

Мезгіл қыс болғанымен, біздің өңірде құрылыс жұмыстары тоқтаған емес. Көпқабатты үйлер соның жемісі. Дегенмен үйлер көптеп салынса да, облыста 40 мыңнан аса азамат үй кезегінде.

Әуелде «Нұрлы жол» қарқын алып, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына ұласқан шақта, өткен жылы 721 мың шаршы метрді құрайтын 7482 пәтер ел игілігіне беріліпті. Яғни 7 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлап қуанған. Биылғы жылы да 730 мың шаршы метрде баспана салынып, беріледі. «Оның ішінде Шымкенттің өзінде 65 үйден 3816 пәтер баспана кезегіндегілерге үлестірілмек», – дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев.

Өткен жылы республика бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің 6,5 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысының еншісіне тиесілі екен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда, өсім бойынша, біздің облыс елімізде баспана беру жағынан 2-орынды иемденген. Бұл ақпарды біз жергілікті Статистика департаментінен білдік. 

Авторы: Нұрбек Байбосын

Хабар 24 телеарнасы