384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жалған куәлікпен көлік тізгіндеген ОҚО тұрғыны ұсталды

  • 561
  • UPD: 10:47, 07.02.2018

Солтүстік Қазақстан облысында жалған куәлік жасатып алып, жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген жүргізуші ұсталды.

Оңтүстік Қазақстан облысының 34 жастағы тұрғынын жол сақшылары «Автобус» жедел алдын алу шарасы аясында Тайынша ауданындағы «Келлеровка» бақылау-өткізу бекетінде қолға түсірді. Құжатын тексеру барысында куәліктің сериялық номері Ішкі істер министрлігінің базасымен сәйкес келмеген. Қазір аталған оқиғаға қатысты бірқатар сараптама тағайындалды. Жалпы «Автобус» операциясы жүргізілген 15 күн ішінде 376 заңбұзушылық анықталған екен.

Айдын Байматов, облыстық ІІД ЖПҚ басшысының орынбасары: 

- Куәлікті тексеру барысында жүргізуші куәлігі жалған болып шықты. Қазіргі сол факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексеріс қорытындысы бойынша жүргізушіге 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе екі жылға бас бостандығынан айырылады.

Хабар 24 телеарнасы