376,73 428.00 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Егемен Қазақстан» газетінің атауы латын қарпімен жазылатын болады

  • 548
  • UPD: 20:48, 07.02.2018

Алғашқы саны өткен ғасырдың басында жарық көрген, Алаш арыстарының шығармалары мен мақалаларын жариялаған отандық басылым – «Егемен Қазақстан» келер жылы ғасырлық мерейтойын республикалық деңгейде атап өтпек.

Бұл туралы бүгін Акционерлік қоғам басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі өткен жылды қорытындылау жиынында хабарлады. Оның айтуынша, былтыр оқырман санының артуына байланысты газет тиражы 204 мыңнан асып, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Елді цифрландыру бағытында мобильді қосымшалары жетілдіріліп, ресми сайт интерфейсі жаңартылды. Енді барлық нөмірін электронды форматқа көшіріп, таңдаулы мақалалардың 10 томдық жинағы әзірленіп жатыр. Бүгінде әлемге танымал басылымдармен келіссөздер жүргізіліп, олардың халықаралық материалдары қазақшаға аударылатын болады. Сондай-ақ биыл наурыз айынан бастап газеттің ресми атауы жаңаша дизайнда және латын қарпімен шығады.

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқармасының төрағасы: 

– «Егемен Қазақстан» деген атауы ғана жазылады әзірше. Біз былтыр тәжірибе жасадық. Бір бұрышына оқырмандарымыз қалай қабылдайды деп, латын әліпбиімен бере бастадық. Ал енді қазір, ол тәжірибені тоқтаттық, себебі ұлттық комиссияның шешімін күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы