386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық сазгерлер Оңтүстік Кореяға аттанған спортшыларымызға ән арнады

  • 579
  • UPD: 07:54, 09.02.2018
Елордалық сазгерлер Оңтүстік Кореяға аттанған спортшыларымызға ән арнады

Елордалық сазгерлер Оңтүстік Кореяға аттанған қазақстандық олимпиадашыларды қолдап, ән шығарды.

Спортшылардың қанатына жел бітіріп, жігерлендіретін музыкалық композиция «Рух мейрамы» деп аталады.

Әннің авторы композитор Серікжан Әбдінұров. Ал сөзін ақын, республикалық ақындар мүшәйрасының жүлдегері Жұпар Қожақ жазған. «Рух мейрамын» Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері орындайды.

Жұпар Қожақ, ақын, ән авторы: 

– Бұл – ең алдымен жердің, намысшылдықтың, бейнеткештіктің, елсүйгіштіктің мейрамы. Сондықтан әнді біз «Рух мейрамы» деп атадық. Кез келген спортшы рухы болмаса, ол жеңе алмайды. Алтын, күміс жүлделер әкеліп жатқан спортшыларымыз өте керемет адамдар.

Хабар 24 телеарнасы