384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде электр өндіру қуаты 10 пайызға артады

  • 497
  • UPD: 15:33, 09.02.2018

Ертіс өңіріндегі Ақсу электр стансасы өндірілетін қуат көзін тағы 10 пайызға арттырмақ.

Бұған №5 энергоблокты жаңғырту арқылы қол жеткізіледі. Жоба құны шамамен 200 миллион АҚШ долларына тең. Жаңғырту жұмыстары аяқталғанда энергоблоктың қуаттылығы 300 мегаваттан 325 мегаватқа артады. Бұған қоса Еуроазиалық энергетика корпорациясы аймақтағы өндіріс қуатын арттыру үшін бірнеше миллиард теңге инвестиция құйып отыр. Сонымен қатар өңірдегі көмір өндірісіне қатты отынды байыту технологиясы да енгізілді. 

Хабар 24 телеарнасы