387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңіріндегі мектеп жерасты суы салдарынан апатты деп танылды

  • 737
  • UPD: 18:24, 09.02.2018

Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы №34 мектеп апатты деп танылып отыр.

Өткен айда мамандар осындай шешім шығарған. 3 қабатты білім ошағы орналасқан Шәменов ауылы Сырдарияға жақын қоныс тепкен. Өзен арнасы лық толы болғандықтан жерасты суы көтеріліп, әлеуметтік нысанның Б және В блоктарында жарықтар пайда болыпты. 1991 жылы салынған білім беру мекемесінде қазіргі уақытта барлығы 228 бала білім алып жатыр. Олар биылғы оқу жылын осы мектепте аяқтайды. Ал жергілікті атқамінерлер аудандық бюджеттен 300 орындық жаңа білім нысанының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатқанын айтып отыр.

Қайратбек Сәрсенбаев, Жалағаш ауданының әкімі: 

- Сондықтан №34 мектеп қаңтар айында Ұлттық білім беру деректер қорына енгеннен кейін қаржыландырылады. Сол жөнінде біз үлкен жұмыс атқардық, аудан әкімдігі, облыс әкімдігінің қолдауымен қазіргі уақытта ҚР БҒМ, Ұлттық экономика министрлігіне тиісті құжаттарды тапсырдық. Қазіргі уақытта 100 пайыз ғимараттың барлық құжаты дайын. Осы жылы бастап кету туралы мақсат бар.

Хабар 24 телеарнасы