389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


EXPO мұз айдынында балғындарға арналған шағын жарыстар өтіп тұрады

  • 505
  • UPD: 19:41, 10.02.2018

Оңтүстік Кореяда Ақ Олимпиада, ал бізде балалардың эстафетасы.

Астанадағы EXPO мұз айдынында демалыс күндері балғындарға арналған шағын жарыстар өтіп тұрады. Жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайтын алаң мыңға жуық адамды қабылдай алады. «Ұйымдастырушылар мұндай жарыстарды жас өрендеріміздің шымыр әрі сау болып өсуі үшін өткізіп тұрамыз», дейді. Ал кішкентай қала тұрғындары болса ашық аспан астында сырғанауды өмір салтына айналдырып келеді.

Рамина Ахметкериова, қала тұрғыны:

– Маған бәрі ұнайды. Бұл жерде өте көңілді. Жиі келемін, демалыстарда.

Эка Акуюз, мұз айдынының меңгерушісі: 

– Бізде аниматорлар көп, ойындарды және неше түрлі билерді, флешмобтарды балаларға арнайы жасап жатыр. Және де көп сыйлықтарды береді. Жалпы күніне мың адамға дейін келеді. Қараша айынан бастап 19 мың адам келді. 

Хабар 24 телеарнасы