386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық еріктілер көпбалалы отбасына көмек қолын созды

  • 681
  • UPD: 22:30, 10.02.2018

Орал қаласында еріктілер мен қоғам белсенділері көпбалалы отбасына көмек қолын созды.

Бұдан бұрын ерлі-зайыпты Скворцовтар бастарындағы қиындықты айтып, БАҚ арқылы жұртшылықтан жәрдем сұраған болатын. 6 баланың үлкені 5-те, отағасы жұмыссыз, отбасы болса таныстарының саяжайында тұрып жатыр. Балалардың анасы Екатерина жетімдер үйінің түлегі ретінде тұрғын үй кезегіне тіркелген. Баспана бұйырғанша көпбалалы отбасы қоғамның қолдауына зәру. Жағдаймен жіті танысқан жасотандықтар алғашқы жолы азық-түлік жеткізді. Қазір түрлі әлеуметтік желілерде жас жанұяны қолдау топтары құрылған.

Нұрғали Жолдасқалиев, «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының төрағасы: 

Орал қалалық әкімдігінің қолдауымен демеушілер арқасында Скворцовтар отбасына келіп көмектесудеміз. Осындай біздегі отбасылардың азаюына себепші болу, біздің осындай істеріміз арқылы басқа да қаламыздағы осындай отбасыларға жастарымыздың көптеп көмектесуіне, халықты көптеп шақыру болып табылады. Басты ниетіміз – осы.

Хабар 24 телеарнасы