384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Жолдауы шетел мамандарының қызығушылығын тудырды

  • 653
  • UPD: 23:27, 11.02.2018

Елбасы Жолдауындағы «жасыл» технологияларға қатысты тапсырмалар баламалы қуат көздерін өндіруді діттеген шетелдік мамандардың ерекше қызығушылығын туғызды.

Құжатта Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл» технологияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру маңыздылығын және табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау қажеттігін айтқан. Сондай-ақ кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізу тапсырмасы да жүктелген. Шет елдің сарапшы мамандары «Жолдауды жасыл экономиканы дамытудың жаңа доктринасы» деп бағалап отыр.

Сергей Грин, Украина энергетикалық кооперативінің төрағасы:

- Қазақстан Президентінің, жалпы, тұтас мемлекеттің баламалы қуат көздеріне қатысты көзқарасы ұнайды. Елдің жасыл экономикаға талпынуы қызықтырмай қоймайды. Болашақ қуат көздеріне қатысты дүниежүзілік көрменің Астанада өтуінен тұтас елдің бұл салаға үлкен мән бергенін түсіндік. Қазақстанның жер мен күн энергиясын өндіруге әлеуеті зор. Бұл саланы мемлекет мықтап қолға алатын болса, қуат көздеріне деген қажеттілікті толық өтеп, экономиканы дамытудың жаңа доктринасын айқындап алар еді.

Хабар 24 телеарнасы