374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 340
  • UPD: 16:33, 13.02.2018
Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды Фото: vikna.if.ua

14-15 ақпанда Жамбыл облысында оңтүстік-шығыс бағыттан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с-тен асады деп күтіледі.

14 ақпанда қар, таулы және тау бөктері аудандарында қатты қар жауады, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.Тараз қаласында 14 ақпанда оңтүстік-шығыс бағыттан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с-тен асады деп күтіледі.

14-15 ақпанда Ақмола облысында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Астана қаласында 14-15 ақпанда кей уақыттарда қар жауады, бұрқасын күтіледі.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысының ауылындағы мектепте «Рухани жаңғыру» музей-кабинеті ашылды Риддердегі қос қабатты тұрғын үй апатты жағдайда тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы