374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында өткір респираторлық вирустық инфекция тыйылмай тұр

  • 305
  • UPD: 23:12, 13.02.2018

Атырау облысында өткір респираторлы вирусты инфекциясы өршіп тұр.

Қазір №2 облыстық аурухананың жұқпалы ауруларға арналған 60 орындық бөлімшесінде 140 науқас жатыр. Орынның жетіспеушілігінен көптеген ересек науқастар ем-домды үйлерінде алуға мәжбүр. «Білікті дәрігерлердің жетіспеушілігі де жығылғанға жұдырық болып отыр», – дейді мамандар. Алайда соған қарамастан нәрестелер мен жүкті әйелдерге және 5 жасқа дейінгі балаларға көмек бірінші кезекте көрсетіліп жатыр. Аурухана эпидемиялық ахуалға байланысты күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен. Өзге бөлімшелердегі бос орындар уақытша жұқпалы аурулар палатасына беріліп жатыр.

Надежда Ерғалиева, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары:

– Соның арқасында біздер орын жетіспеушілік жағын жеңдік. Қазір тек қана ӨРВИ бөлімшесінде 140 науқас жатыр. Ендігі проблема – кадр жетіспеушілігі. Осы 140 науқасқа бөлімшеде 4 дәрігер көмек көрсетеді. Науқас саны көбейсе де, біздің басты міндетіміз – келген науқастарға сапалы да уақытылы медициналық көмек көрсету.

Осы категория бойынша: « Республикалық және жергілікті маңызға ие жолдардың сапасы сын көтермейді Елордада «Байқоңыр» ауданының құрылуы - заман талабына сай үрдіс »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы