364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Байқоңыр» ауданының құрылуы - заман талабына сай үрдіс

  • 320
  • UPD: 20:24, 13.02.2018
Елордада «Байқоңыр» ауданының құрылуы - заман талабына сай үрдіс Vox Populi

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов қалалық мәслихат депутаттарының жаңа ауданға «Байқоңыр» атауын беру жөніндегі ұсынысына қатысты пікірін білдірді.

«Астана – қысқа уақыт ішінде өсіп-өркендеп, миграциялық үрдістер есебінен халқының саны қарыштап көбейген ірі қала. Миллионнан астам тұрғыны бар қаланы тиімді әкімшілік-территориялық басқару тәсілдері арқылы көркейткен жөн. Осы ретте, елордада төртінші ауданның құрылуын орынды деп санаймын.

Байқоңыр – адамзат баласы тұңғыш рет ғарышқа көтерілген тарихи және стратегиялық маңызды орын, елімізге ғана емес, тұтас әлемге танымал мекен. Сондықтан да жаңа ауданның «Байқоңыр» атауын иемденуі оң шешім болды. Өйткені бас қаламыздың көшелеріне, оның бүгінгі аудандарына тарихи маңызды орындардың аттарын беру дәстүрі қалыптасқан. Еліміздің бас қаласындағы ономастикалық нысандардың атаулары оның статусына, идеологиялық мақсат-мүдделеріне сай келуі тиіс», – деп атап өтті Сансызбай Есілов.

Осы категория бойынша: « Атырау облысында өткір респираторлық вирустық инфекция тыйылмай тұр Қарағандылық мамандар ойлап тапқан қатерлі ісікке қарсы дәрі емдеу мекемелеріне түсе бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы